Дала жұмыстарына дайын

      Көктемгі дала жұмыстарына қостанайлық диқандар биыл ерте қамданып жатыр. Өйткені, өткен жылғы ауа-райының қолайсыздығынан шаруалар көп мөлшерде шығынға батқаны белгілі. Сондықтан, «қамдансаң, қапы қалмайсың» деген қағиданы басты назарда ұстаған ауылшаруашылық тауар өндірушілері алдағы науқандық әзірліктерін күні бұрын тиянақтап алды.ade90629abc0d78bae73a755af0
      -Диқандардың көктемгі егіске дайындығы жаман емес.  Былтырғы егін орағының қандай болғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Астық сапасын жоғалтты. Қажетті тұқым қорын жеткілікті мөлшерде  жасай алмадық. Яғни, қамбаға 114 мың тұқымдық астық кем құйылды. Қайта шаруалардың  жағдайын түсінген ел Үкіметі дер кезінде қол ұшын созды. Өткен желтоқсан айынан бастап ҚР  ауылшаруашылық министрлігінің көмегі арқасында егін өсірушілерді қолдауға  қаражат бөліне бастады. Бүгінгі таңда  көктемгі егістікті өткізуге және тұқым сатып алуға бөлінген қаржының көлемі 6 млрд. 800 млн.теңге. Соның 70 % -ын  игердік, яғни тиісті қаржы шаруа қожалықтарының қолына тиді. Оның сыртында біздің облысқа жеңілдетілген бағамен 71 мың. тонна жанар-жағар май берілді,-дейді Базыл Жақыпов.IMG_5955
       Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, биыл  шаруалар 4 млн 700 мың гектарға дәнді дақылдар сеппек. Оның ішінде майлы дақылдар мен мал азығын молырақ өсіруге ден қойып отыр. Мәселен, Қостанай ауданына қарасты «Естаев» шаруа қожалығы 13 мың гектарға егін ексе, соның 30 % -ына шемішке, сұлы және басқа да жем-шөп түрлерін өсіреді.article186
      -Тұқым жеткілікті. Оның үстіне 270 тонна жанар-жағар майды тасып алдық. Енді мамыр айына дейін тағы 130 тонна сұйық отын әкелеміз. Техника паркін әлдеқашан жаңалап алғанбыз. Қысқасы, алдағы егіс жұмыстарына дайынбыз. Биыл ылғалдың мөлшері де көңілге медеу,-дейді шаруа қожалығының жетекшісі.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓