Келіссөздер барысында қазақстандық кәсіпкерлердің пікірлері шешуші рөл атқарды
Бұл жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында сыртқы істер вице-министрі Самат Ордабаев мәлімдеді.
Оның айтуына қарағанда, келіссөз барысында комиссия мен Одақ сотынан жұмыс істеуге жіберілген лауазымды тұлғалардың отбасы мүшелері және қамқорлығындағы кісілер жөнінде деректер жан-жақты көрсетілген. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар мен қариялар да болуы мүмкін. Бұл тәжірибе алғаш рет қолға алынуда. Шара барысында жергілікті тұрғындардың менталитеті ескеріліп, мемлекетіміздің мүддесі ескерілген. Айтулы комиссия тек экономикалық мәселелерді реттеп отырады. Бұған қатысты қосымша екі құжаттың қабылданғанын айта кеткен жөн. Онда мемлекеттің халықаралық байланыстары ашық көрсетілген.