ЕЭК-да Қазақстан тең құқылы

Еуразиялық экономикалық комиссиясы Қазақстан Республикасының мүдделерін тең дәрежеде қорғайтын болады. Бұл жөнінде сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев Астана қаласында өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.
самат Сыртқы істер вице министрінің айтуына қарағанда, қазіргі таңда Еуразиялық комиссияда 24 департамент құрылған. Болашақта олардың жұмысына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстан мемлекеті тарапынан 8-9-ға жуық департамент жұмыс істемек. Аталмыш комиссиядағы мамандар келісім-шарт негізінде еңбек етіп, 1,5 жылдан кейін конкурстық комиссия департаменттегі лауазымдарға байқау жариялап отырады. Комиссия үш мемлекет өкілдерінің еуразиялық комиссарларынан құрылған, сайлау өткізеді, онда қазақстан жағы департаменттердің үштен бірін алады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓