Жағдай төмендерге несие берілмейді

2020 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда жағдайы төмен отбасыларға және жұмыссыздарға несие беруге тыйым салатын заң күшіне енді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.несие
Жаңа ереже Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 3 шілдесінде азаматтардың кредиттелуіне жол бермеу және тұтынушылық несие берудің оңтайлы өсу қарқынын қамтамасыз ету үшін қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңында жазылған. 
Заң бойынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан қарыз алушылардың борыштық жүктемесін есептеу тәсілдері өзгереді – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2020 жылы 31 183 теңге) төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салынды. Сондай-ақ банктердің меншікті капиталының жеткіліктігіне қойылатын талаптар арттырылды. Бұл банктердің кепілсіз қарыздарды, әсіресе табысы төмен азаматтарға беруге экономикалық ынталандыруларын төмендетеді.
Жұмыссыздарға да несие берілмейді. Себебі енді қарыз алу үшін соңғы 3-12 айдағы ресми кіріс туралы мәлімет болуы керек. 
Еске салайық, мұның алдында да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табысы өмір сүру деңгейінің көрсеткішінен аз қазақстандықтарға кредит беруді доғару керегін айтқан болатын.
"Тұтынушылық несиелермен қалыптасқан жағдай одан әрі қайталанбауы тиіс. Ұлттық банк реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдауға, қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейтуге міндетті. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға одан әрі жағдайдың нашарлануына және қаржылық жағдайды болдырмау үшін қарыз беруге тыйым салу қажет", – деген еді Тоқаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓