Қостанайдың үлкен көпірі жөнделеді

Биыл Қостанайдың үлкен көпірі қалпына келтіріледі. Жөндеу жұмысына 3,2 миллиард теңге бөлініп отыр.
Облыс орталығын өңірдің аудандарымен қосып отырған үлкен көпірдің салынғанына 50 жылдан асты. Жарты ғасырда оның әбден тозығы жеткен.  Сондықтан ағылған ауыр жүк көліктерін көтере алмауы да әбден мүмкін. Жөндеу жұмыстары бір жылға жоспарланып отыр. Бұл мақсатта «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қаржы бөлінбек.мост 1
Жаңартылған көпір төрт жолақты болмақ. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған жол қарастырылған. Ал жөндеу жұмыстары кезінде облыс орталығымен қарым-қатынас қаланың солтүстік және оңтүстік бөлігіндегі көпірлер арқылы жүзеге аспақ. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓