Имамдар тағайындалды
Қостанай өніріндегі мешіттерде білікті кадрлардың қатары өсіп келеді. Соның айғағы ретінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың арнайы бұйрығымен өңіріміздің бірқатар ауданына жаңадан имамдар тағайындалды. Бұл туралы ҚМДБ Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Сонымен, Наурызым аудандық «Түркебай ата» мешітіне Есет Ғабдімәліков, Федоров ауданындағы «Жиентай қажы» мешітіне Ерлан Тілегенов, Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітіне Дархан Қосылбаев, Бейімбет Майлин аудандық «Әйет» мешітіне Аязбек Нұраханов бас имам болып бекітілді. Ал Тобыл станциясындағы «Ажар» мешітіне Расул Назаров тағайындалды.