Облыс әкімінің сыйлығы

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап,  сыйлық жасады.
Әркім Жаңа жылда бір жақсылықтың боларына сенеді. Бұл мерекені әсіресе, бүлдіршіндер асыға күтеді. Мереке қарсаңында, облыс әкімі А. Мұхамбетов «Жанұя» отбасылық типтегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сый-сияпат жасады. Өңір басшысы мерекелік концертті балақайлармен бірге тапжылмай отырып тамашалады. Шара соңында, кішкентай көрермендерге жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, аталған балалар үйіне, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 2 миллион теңгеге компьютерлік техникаға сертификат пен тәттілерді табыс етті.
– Жылдағы дәстүр бойынша сіздерді құттықтауға келдім. Сіздерге бақытты балалық шақ тілеймін. Ең негізгі міндеттеріңіз-оқу, оқуда озат болыңыздар. Барлық бастамалар сіздердің игіліктеріңіз үшін жасалып жатыр. Жаңа жылда аңсаған армандарыңыздың орындалуына тілектеспін. Балалық шақтарыңыз уайым-қайғысыз өтсін. Бұл мерекелік іс-шара сіздер үшін жасалды, – деді облыс әкімі Архимед Бекежанұлы.
DSC_0384
  DSC_0355
DSC_0399
DSC_0354
DSC_0425
DSC_0364
Әсел Қибаш
Суреттерді түсірген Бағдат  Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓