Прокуратура қоғамдық қабылдау өткізді
"НұрОтан" партиясы Арқалық қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала прокурорының орынбасары А. Сағнаев қала тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.
Көпшілік болғаннан кейін, мәселелер де әрқилы. Мәселен, зейнеткерді толғандырған тұрғын үй жайының ортақ мүлігі болса, қоғамдық қабылдауға келген азаматшаның бірінің күйеуін бұзақылар топтасып соққыға жыққан. Екіншісі жол – көлік оқиғасына тап болыпты.
Арыз – шағымдарын айта келген ағайындарды жіті тыңдаған Азат Нәбиұлы тұрғындарды мазалаған мәселелердің оң шешімін табуына прокуратураның белсенді іс – қимыл танытатынын жеткізді.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.