Наурыз мейрамы «Қостанай таңы» газетінің ұжымында
Бүгін «Қостанай таңы» газетінің ұжымы редакция, техникалық бөлім, есепшілер мен хатшылар деп бөлінген жоқ. Бүгінгі күн ерекше. «Қостанай таңына» Бейбет Майлин атындағы, Мұхаметжан Сералин мен Нәзипа Құлжанова атындағы және Есепбай (есепшілер бөлімі), қазақ-корей (редакция жанындағы әлеуметтік зерттеулер орталығы) ауылдары қонды.
Бес ауылдың тұрғындары Наурыз мейрамын мерекелеуге барынша дайындалған.Сүр ет пен тіл үйірер Наурыз көже, құрт пен жент, сары бауырсақ жайылған бай дастарханның басты нышандары, көркі.
Әр ауыл өзінше ерекшеленді.Мұны облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Жанділда Мақанов, газеттің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков, ақын Серікбай Оспанов және бас редактордың орынбасары Сәлім Меңдібай көріп, бағалады.
«Қостанай таңы» газетінің ұжымындағы Ұлыстың ұлы күнін қалай мерекелегенін, қай ауыл қандай номинация бойынша үздік атанғандығын газет беттерінен оқи аласыздар.
Махаббат Бекбай
Қара шаңырақта тамаша игі бастама көтерпсіңдер! Бәрекелді!!
"Қостанай таңы" газетінің қыз-жігіттері жарайсыңдар!