Ұлтаралық татулық және келісім
Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты мен ұстанған негізгі бағыты. Бүгін Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастамасымен «Қазақстан халқы Ассамблеяның 20 жылдық тарихы» атты тақырыпта дәріс оқылды.
Бүгін жиналған қауым бірегей институттың тарихы және 20 жылда атқарған ісі жайлы мол мағлұмат алды. Тыңдаушылар соңғы жылдарда Ассамблея қызметіндегі жаңашылдықтардан құлағдар болды. Көпшілікке дәріс оқыған мемлекеттік мұрағат директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Валерий Вишниченко ұлтаралық толеранттық және келісімнің қазақстандық үлгісі шетелдерге таныстырлып, жоғары бағаланғанын мақтанышпен айтты.
Алдағы уақытта бұл циклды Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы тақырыптарында дәрістер оқылмақ.
Махаббат Бекбай