Қоныс тойын тойлады


Соның негізінде Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Астана, Алматы, Көкшетау, Семей, Қостанай қалаларында бір сәтте тұрғын үйге мұқтаж бірнеше жан жаңа қонысқа ие болды.
Қостанайдағы «Арман» тұрғын үй кешені аталатын «БК-строй» компаниясы салған 11 пәтерлі ғимараттың жалпы аумағы 749 ш.м. құраса, бір шаршы метрі 862 теңгенің көлемінде.
Осы қуанышқа кенелгендердің дені – көп балалы отбасылар, мүгедек баласын бағып отырған жандар, мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметшілері болатын.

Олардың қуанышын бөлісуге өңір басшысы Нұралы Садуақасов арнайы келіп құттықтап, қоныс тойын атап өткелі жатқан шаңырақ иелеріне игі тілегін жеткізді.
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.