Судьялар сайысқа түсті

Қостанай қаласындағы "Динамо" спорт клубында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы VII Спартакиадасы іріктеу ойындарының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына Қостанай облысының әкімі Н.М.Садуақасов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысы соттарының құрама командалары, қонақтар мен  жанкүйерлер,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының өкілдері қатысты.
Облыс әкімі іріктеу ойындарына қатысушы командаларын жарыс-тың басталуымен құттықтап,  спорт ойындарында сәттілік пен жеңіс тіледі.
Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.А.Қасымов құттықтау сөзінде судьялардың жақсы дене пішінін ұстанулары олардың кәсіби қызметінде оң  көрініс табады, "дені саудың – жаны сау" сөзі бекер айтылмағандығын атап өтті.
Ашылу салтанатынан кейін командалар жарысты бастап кетті. Іріктеу ойындары екі күнге созылған. Осы уақыт аралығында командалар спорттың: волейбол, мини-футбол, бильярд, үлкен теннис, үстел теннисі, шахмат, дойбы түрлері бойынша бақ сынасады.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓