Жанға қарсылас табылды

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын боксшы, жерлесіміз Жан Кособуцкий (12-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін 22 ақпанда Германияда өткізеді, – деп хабарлайды Vesti.kz.202541_477cd6655651d0af9bc65ddd3e6680be
31 жастағы кәсіпқой боксшы сегіз раундтық жекпе-жекте 33 жастағы аргентиналық Маркос Антонио Аумадамен (21-8, 16 КО) жұдырықтасады. Екі спортшы үшін де бұл 2020 жылдағы алғашқы кездесу.
Кособуцкий кәсіпқой бокста бірінші жекпе-жегін 2017 жылы өткізді. Былтыр қарашада IBO желісіндегі International Boxing Organization Inter-Continental титулын жеңіп алған. 2019 жылы ол рингке төрт рет шығып, барлық қарсыласын нокаутпен жеңген. 
Аргентиналық боксшы спорттық мансабын 2011 жылы жартылай ауыр салмақта бастаған. Кейін бірінші ауыр салмаққа өтіп, WBC ұйымының аймақтық титулын иеленген. Германиядағы жекпе-жек үшін ол үшінші рет шетелге шыққалы отыр. Мұның алдында Ресей мен ОАР-да жұдырықтасқан.
Айта кетейік, Жан Кособуцкий Қостанай облысының Арқалық қаласында 1988 жылы дүниеге келген. Қазақстанның 3 дүркін чемпионы, Белоруссияда өткен халықаралық турнир жеңімпазы, 2013 жылғы Жазғы универсиаданың күміс жүлдегері. Кәсіпқой рингке 2015 жылы шықты. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓