Арқалыққа жаңа прокурор тағайындалды

Облыс прокурорының орынбасары, әділет аға кеңесшісі С. Әбденов қала активіне қаланың жаңа прокуроры, әділет кіші кеңесшісі Б. Бекбосыновты таныстырды.аркалык прок
Б. Ә. Бекбосынов 1980 жылы 23 қарашада Меңдіқара ауданының Қаратал ауылында дүниеге келген. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің түлегі.
Еңбек жолында Алтынсарин ауданы прокурорының көмекшісі, Қостанай қаласы прокурорының аға көмекшісі, облыстық анықтау, тергеу және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Федоров ауданы прокурорының орынбасары, Аманкелді, Қарасу аудандарының прокуроры болып қызмет жасаған.
Мұрат Жүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓