Қостанайлықтар күн тұтылуын анық көреді
Мұндай тылсым құбылысты Қостанай қаласының тұрғындары 20 наурызда көре алады. 2 сағатта күннің жарты бөлігі жабылады деген болжам бар. Яғни ай күнді 42% дейін жауып, қараңғыламақ.
Күннің толықтай тұтылуы 20 наурыз күні Солтүстік мұзды мұхит арқылы өтпек. Ал құрлықтағы тұрғындар айдың күнді жартылай жауып, басқанын тамашалй алады.
Қостанай облысының солтүстік аймақта орналасуына байланысты мұндай құбылысты анық көру мүмкіндігі бар.
Күн тұтылуы 15:40 басталып 17:42 дейін жалғаспақ.
Мамандар мұндай астрономиялық құбылысты тек қоңыр шыны арқылы қарау қажет екендігін айтады.