Жол-патрульдік полиция қызметкерлері жалған хатталмалар жасаған
Мұндай өрескел заң бұзушылыққа барған Сарыкөл аудандық ІІБ қызметкерлері.
Өткен жылдың маусым айында Сарыкөл аудандық ІІБ әкімшілік полицияның аға инспекторы М.атты азамат өзінің әріптесі жол-патрульдік полиция қызметкері Н. «Алматы – Екатеринбург» тас жолында автопатрульдік кезекшілікке шыққан.
Тәртіп сақшыларына «Орал» мотоциклын мінген, қасында екі жолаушысы бар кәмілет жасқа толмаған Б. атты жасөспірім кездескен. Тексере келгенде көлік жас жүргізушінің әкесіне тіркелгені анықталды. Ал ол кісі сол маңдағы су қоймасының қасында екен. Аға инспектор мотоциклға мініп алып, көлік иесіне жетіп барады. Оған ілесіп жас жолаушыларды қызметтік машинасына салып алып, әріптесі де келеді. Жасжеткіншек әкесінің масаң күйде екендігін көріп полицейлер арам істі жүзеге асырмақ болады.
Тәртіп сақшылары қызметтік міндеттерін орындау кезінде А.атты азаматқа қатысты мотоциклды мас күйінде басқарғаны туралы шындыққа жалған түсініктеме хат жаздыртқан. Осылайша «Мас жүргізуші – қылмыскер» алдын алу іс-шарасындағы өз көрсеткіштерін жоғарлатуды көздеген.
Көрсеткіштің соңына түскен полиция қызметкерлері бұрмаланған мәліметпен хаттама толтырады. Онда кәмілетке толмаған Б. көлік жүргізуге құқығысыз мотоцикл басқарып, жол қозғалысы ережесін бұзды жаңа оқиғаны ойлап шығарған.
Сот үкімімен аға инспекторға 250, ал жол-патрульдік полиция қызметкеріне 200 айлықлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қоса, енді бұл екеуі 3 жылға дейін мемлекеттік органдарға қызметке алынбайтын болды.
Махаббат Бекбай