«АгромашХолдинг» Елбасын қолдайды

    Қостанайдағы «АгромашХолдинг» кәсіпорыны  ел Президенттігіне «Нұр Отан» партиясы ұсынған үміткерді қолдау акциясын ұйымдастырды. Елбасын қолдауға арналған шараға зауыт жұмысшылары түгелдей қатысты.агмш
       -«Нұр Отан» партиясы ұсынып отырған үміткер біздің де таңдауымыз,-дейді кәсіпорын жұмысшылары,- Зауыт еңбекшілері Елбасы Н.Назарбаевтың  Қазақстан Президенті болып қайта сайлануын қуана қабылдады. Өйткені, мемлекеттің қарыштап дамуы бүгінгі Президенттің есімімен тығыз байланысты».агромш
       Бүгінде кәсіпорын әлемдік брэндке айналған көліктердің 40-тан астам түрлерін шығарады. Алып өнеркәсіп ел индустриасының кемелді болашағына баланып отыр. «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алексей Сидоренко  мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында  Қазақ елі әлемдік аренада биік беделге ие болғандығын атап өтті. Осындай зор жетістіктердің арқасында еліміздің әлеуеті арта бермек.агрмш
      Естеріңізге сала кетейік, ел Президенттігіне үміткерлерді ұсыну 15 наурызда аяқталды. Бүгінде  барлық үміткерлер өздерін қолдау бағытында халықтан қол жинау жұмыстарына кірісті.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓