Үш адамды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айрылды
Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осындай үкім шығарды.
Оқиға 2013 жылдың желтоқсан айында болған. 1981 жылы туған А.Теньшаков 95 жасар зейнеткердің жиған-тергеніне көз салған. Кейуананың үйде жалғыз екенін біліп, үйне келеді. Қарт кісі немересінің досы Теньшаковты алаңсыз үйіне кіргізеді. Алкогольдік ішімдік және есірткі пайдаланған айыпталушы кіре әжеге бірнеше жерден пышақ салған. Зейнеткер алған жарақатынан сол жерде көз жұмған. Бірақ 34 жасар жігіт жасырылған ақшаны таба алмаған.
Бір жыл уақыт өте, әлсіз жандардың үйлерін тонап қаржы таппақ болған қылмыскер анасы мен қызы тұратын үйге келген. Сотталушы оларды да өлтіріп, 150 мың теңге ақшаны еншіліген. Онымен қоса, тағы бір жәбірленушіні соққыға жығып, 100 мың теңгеден артық ақшасын сыпырып алған.
Қарақшылықпен кісі өлтіру, тонау және қарақшылық баптары бойынша айыпталған А.Теньшаков енді қалған өмірін темір тордың ар жағында өткізетін болады. Сот үкімінде оны психиатр дәрігерде күштеп емдеу туралы да айтылған.
Махаббат Бекбай