Екі ер адам көз жұмды
Қайғылы оқиға Жітіқара ауданында бүгін түнде болған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. Иесіз бес қабатты үйде қоқыс өртенгені туралы хабар келіп түседі. Аумағы 5 шаршы метр болған.
"Өрт болған жерде еден үстінде ер адамның күйік шалған денесі табылды. Болжам бойынша, көз жұмғандар қайыршылар болуы мүмкін. Тұлғалары анықталу барысында. 49 жастағы тағы бірінің өмірі құтқарылды, қазір ауруханада жатыр. Оған басынан соққы және көптеген дене жарақатын алған деген диагноз қойылып отыр", – делінеді хабарламада.
Өрт пен өлім себептері анықталуда.