Ақша аударудың ұлттық желісі іске қосылды
Қазпошта «SALEM, TENGE» атты жедел ақша аударудың ұлттық желісін іске қосты. Әлемнің 17 мемлекетіне Western Union халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыратын Қазпошта енді Қазақстан ішінде қаржы аударымын жеңілдетті.
Жедел аударым бір минут уақытты алатын болады. Ал қызмет үшін алынатын комиссия тек 1% құрайды. Мұндай қызмет түрі Қазпоштаның барлық бөлімшелерінде көрсетіледі. Ақшаны аудару немесе қабылдап алуға банк есеп шоты қажет емес.
Махаббат Бекбай