Үздіктер қатарында

Нью-Дели қаласында (Үнді) AMITY Халықаралық пәндік олимпиадасы  болып өтті. Осы олимпиадаға алғашқы рет  облысымыздан  4 оқушы қатысты.
Олимпиадаға қатысқан оқу-шыларымыз мақтан тұтарлықтай. Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушысы Аян Қақанай биологиядан  қатысушылардың арасында ең үздік нәтиже көрсетіп, алтын медальға ие болды. Ал, күміс медальді  (химиядан) – Әл-Фараби Көпжасар жеңіп алды. Ол да осы қазақ-түрік лицей-интернатының оқушысы. Қостанай ауданы Затобол мектеп-гимназиясының оқушысы Чаусова Елизавета (биология) және дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушысы Ансаған Әбдіғазы (физика) "Пән бойынша үздік білімі үшін" ерекше медальдарымен марапатталды.
Осы жылдан бастап бұл олимпиада жалпы білім беретін грант-ты алуға және еліміздің үздік ЖОО жеңілдік алуға құқығын беретін ҚР Білім және ғылым министрлігінің олимпиада және ғылыми жарыстар тізіміне енгізілді.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓