«Абай оқулары»

Өткен аптада Сарыкөл орта мектебінде өңір оқушыларын Абай және Шәкәрімнің рухани мұраларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі «Абай оқулары» байқауы байрағын түрді.Абай оқуы сәтінен көрініс
Аталмыш байқаудың аудандық сыны 3 номинация бойынша өрбіп, оған қырық оқушы қатысты. Үміткерлердің әрқайсысы таланттарын танытып, шеберліктерін паш етуге тырысып-бақты.
Айталық, әділ қазылардың таңдауымен «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай және Шәкәрім өлеңдерін жатқа айту) номинациясында  Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Әділет Есенғазы ешкімге дес бермесе,  «Көңілім әнді ұғады» (Абай және Шәкәрім әндерін орындау) номинациясында  Тәгіл орта мектебінің 6-сынып оқушысы Роман Шулекин шаршы алаңда сынға түскендерді шаң қаптырып,  ал «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (жас ақындардың өз өлеңдері бойынша) номинациясында Бекет Өтетілеуов атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Аружан Қалиева қарсыластарын қапыда қалдырып, бас жүлдені жеңіп алды.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтама  қағаздары және арнайы сыйлықтармен марапатталып, алға суырылып шыққандары аймақтық байқауға жолдама алды.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓