Наурыз айы туғанда
Күн қабағы ашылды.
Сыртқа шықты балақай,
Нұрдан шашу шашылды.
Қыстай үйден шықпастан,
Сағыныпты даланы.
Ештеңені ұқпастан,
Ойнап асыр салады.
Жылғалардан су ақты,
Балаларды мәз қылып.
Көктем күні шуақты,
Ажар берген Наз қылық!
Абай ҚАЖИ.
Әулиекөл ауданы.
жыл келеді,
Табиғатпен жадырап
нұр келеді.
Ақындардың шабыты
шамырқанып,
Жүрегіне төгіліп жыр келеді.
Мәз болады адамзат
баладай боп,
Барша жанның пейілі
даладай боп.
Жер-Анада бусанып жатыр,
әне,
Айы-күні жеткен бір
Анадай боп.
Нәрленеді көгеріп құрақ түбі,
Азан-қазан болады суат түбі.
Ауылдағы әжелер бәс тігеді,
Сүрін жайып соғымның,
шуақ күні.
Бәйшешектер бүр жарып,
бүрленеді.
Қызғалдақтар құлпырып
түрленеді.
Егеменді елімнің – болашағы,
Жайма шуақ, алаңсыз
күйге енеді!
Балғара Жеделұлы.
Рудный қаласы.