Жайдарлы Жайдарман

Мектебімізде "КВН" үйірмесі көптен бері жұмыс істейді. Үйірме  орыс  және  қазақ  тілінде өтеді. Үйірмені жетекшісі Данияр ағай Қорғанбеков. жайдарман-1Үйірмеде үйренгеніміз көп. Ұлттық тілде ұйымдастырылатын жайдарман ойынына "Балдәурен" командасы, оның мүшелері Елшат Мырзахметов, Абзал Нұрмашов, Ғалымжан Есімбек, Арлан Қазбеков, Елдар Елжанов, Ернар Ғалымбеков, Арнас Қазимбеков, Сәкен Мырзабеков, орыс тіліндегі ойындарға "Фэйс контроль" командасының мүшелері Темірлан Совхозбаев, Айтуар Тәкенов, Айбар Мұхамбетқалиев, Олжас Ғизатбеков, Зинур Қауезханов ойнап, өнер көрсетіп келеді. КВН командаларының жетістіктері де жоқ емес. Айта кететін болсақ, "Жайдарлы Жас Ұлан" интеллектуалдық ойынның сертификатының иегері, өткен жылы А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ 75 жылдығына орай өткен КВН фестивалінде "Фэйс контроль" командасы  кубокты ұтып алды. Сол секілді сол жылы М. Дулатов атындағы ҚИНЭУ ректорының кубогын да жеңіп алды."Нашақорлыққа жол жоқ" тақырыбында Көкшетау қаласында өткен КВН ойынына  да қатысып,  командаларымыз жеңімпаз атанды. Әлі де жайдарманның алар асуы көп деп ойлаймыз.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓