«АЛТЫБАҚАН» ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРДЫ

Биыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толмақ. Айшықты дата қарсаңында «Үлкен ел — үлкен отбасы» акциясы тұсауын кесті. Осыған орай «Сапалы қазақ» қоғамы «Бизнес бастау» тобымен бірге Алатауға шығып, көпшілікке салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен. Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота – Іле Алатауын науырзымдық кәсіпкер Уәлихан Қабыкен де бағындырды.1003244_1555082604816886_3619295379463869578_n
Мәңгі қар мен мұз басқан «Алтыбақан» шыңына шыққан Уәлихан бұл бастаманы ел бірлігі мен ынтымағын жарастыруға ықпал жасайды дейді.
– Ата-бабаларымыздың қолы жетпей, армандап кеткен тәуелсіздігіне ,міне, біздер жеттік. Әрине, қазіргі жетістікке оңай келген жоқпыз. Шүкіршілік етеміз. Елбасы жастарға үлкен сенім артады. Ахметбек Нұрсила есімді ағамыз бастап, бір топ жас кәсіпкерлер бірігіп, Іле Алатауына шығуды қолға алдық. «Алтыбақан» шыңына дейін Кімасар шатқалын бағындырдық. Бұл кооперативке жету үшін де шатқал ішіндегі жолмен алаңқайға барып, соқпақпен жотаға шығу керек. Көк туымызды тау басында, 5000 метр биіктікте желбіретіп тұрғанда көкіректі отанға деген ыстық сезім кернеп тұрады екен, – дейді Уәлихан.
Тәуелсіздікке тарту ретінде аты аталған жастар қоғамы Іле Алатауындағы Фурманов шыңына Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың есімін бермекші. Ел арасында өткен ғасырдың 20-шы жылдары осы шоқының төңірегінде қызыл армия комиссары Дмитрий Фурманов аңшылық құрған, шоқының атауы содан қалған деген сөздер бар. Ал «Алтыбақанға» ұлт көсемі Ахмет Байтұрсыновтың есімі лайықты дейді жастар.
 
Қасқырбай Қойшыманов
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓