Арқалықта айтыс өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – ел тірегі, ел намысы» атты қалалық жас ақындар айтысы өтті. ????????????????????????????????????
 Айтысқа 5 жұп ақын қатысып, өз бақтарын сынады. Бұл жолы өңіріміздің жалпы білім беретін мекемелерінен 10 қатысушы, яғни бұған дейін сөз додасына түсіп үйреніп қалғандар мен алғаш рет сахнаға шығып, жарқ етіп көзге түскендер де баршылық болды.
    «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, жас ақындар айтысында қарсыластарын сөзбен түйреп, орамды ойлардың орайын келтірген Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі, Астана қаласынан келген Ғабит Рысбай бас жүлдені қанжығасына байлады. Жүлделі І орынды Асылхан Сәлімжан, ІІ орынды Еркінғазы Айтбаев иеленсе, ІІІ орынды Ернұр Әуезханов пен Ернар Төлеуов тең бөлісті. 
    Айтысқа қатысқан барлық ақын марапатталып, ақшалай сый-сияпат көрсетілді. 
 
Зәмзәгүл Ақылбекқызы,
қалалық Мәдениет сарайының әдебиет бөлімінің меңгерушісі
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓