«Тұрмыс» алдын алу операциясы

Құқық қорғаушылар облыс бойынша «тұрмыс» атты жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуде деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. Оның барысында 302 тұлға заңға қайшы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Оладың 21-і ата-аналық міндетін атқармағандар.
Ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған, үйдің шырқын бұзуды әдетке айналдырған 9 мыңнан адам тексерілді. Тәртіп сақшылары тұрмысы нашар отбасылардың жағдайымен танысты. Наталья Коробконың жай-күйі де назардан тыс қалған жоқ. Әйел екі жыл бойына ішімдікке салынып, қызына қараудан қалған. Өткен жылы кәмілетке толмағандар ісі бойынша инспектор Диана Ертаева Натальяның қызы сабақтан қалып, түңіліп жүргенін байқаған. Оның себебін білмек мақсатта Н.Коробконың үйніне келіп, тұрмысын көргенде жағасын ұстаған.турмыс 
Инспектордың сөзінше үйдің іші лас, балаға еш жағдай жасалмаған. Күн сайын мұнда арақ ішуге белгісіз ер адамдар жиналып отырған. Сол кезде Натальяға  аналық құқынан айырылатыны туралы ескерту жасалып, тұрмысын жақсарту талабы қойылды. 
Учаскелік инспектордың еңбегі зая кеткен жоқ. Наталья ішімдікті қойып, қызының тәрбиесін қолға алыпты. Қазір құқық қорғаушы жалғыз басты әйелдің жұмысқа орналасуына құжаттарын ресімдеуге қолдау көрсетуде.турмыс 1
Балакиндер отбасы полицейлер бақылауындағы азаматтардың бірі. Мұнда жеті жасар Кристинаның ата-анасы араққа салынған. Ерлі-зайыптылар алкоголизмнен емделуден бас тартуда. Тәртіп сақшылары ата-ана міндетін орындамағаны үшін оларға айып пұл салғанымен оң өзгеріс жоқ.
Сонымен қатар «Тұрмыс» жедел алдын алу операциясы кезінде кәмелетке толмаған балаларға құқықтық сауаттарын жоғарлату мақсатында дәрістер оқылды. 
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓