Камыстыда жоғалған бала табылды
Камысты ауданының полицейлері бір сағат ішінде жоғалған 7 жасар қызды тапты. Бала ауладағы қосымша үй-жайда ұйықтап қалған.
17 қазан күні сағат 18.30 шамасында Қамысты аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын 7 жасар баласының жоғалып кеткені туралы арызбен жүгінді. Әйелдің айтуынша, оның қызы үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Туыстары оны өз бетінше іздеуге тырысқанымен, нәтиже болмапты.
"Кәмелетке толмаған баланы іздеуге Қамысты ауданының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Полицейлер қыздың болуы мүмкін жерлерді – стадионды, ойын алаңдары мен дүкендерді тексерді. Бір сағат ішінде қызды полиция аға лейтенанты Алмат Баяндинов тапты. Бала өз үйінің ауласындағы қосымша үй-жайда ұйықтап қалған", – дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.
Баланың анасы тәртіп сақшыларына баласын іздеуде көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.