Жалған қоңырау әбігері

14 мамыр күні сағат 22.42-де «Солтүстік» полиция бөлімшесіне ер адам хабарласып, «Қостанай-Плаза» СОО жарылғыш зат қойылғанын айтты. Дереу оқиға орнына полиция, өрт сөндіру қызметі, құтқарушылар және жедел жәрдем бригадасының дәрігерлері келді. Полиция қызметкерлері сауда орталығы аумағын қоршауға алып, көлік қозғалысын шектетті. Ғимарат ішіндегі 300-ге жуық азамат эвакуацияланды.images (1)
Қызметкерлер «Қостанай-Плаза» ғимараты мен оған іргелес аумаққа тексеру жүргізді. Бірақ жарылғыш зат табылған жоқ.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер терроризм актісі туралы жалған хабар таратқан күдіктіге іздеу салды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓