Интернаттың балалары интернетке қосылды

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған №2 Қостанай түзету мектеп-интернаты лимитсіз интернетке қосылды. Бұдан кейін интернаттың тәрбиеленушілері интернетті емін-еркін пайдалана алады. Балаларға базарлық жасаған-Билайн ұялы байланысы.  IMG_8030
Аталмыш мектеп-интернатында жетім балалармен қатар денсаулығында ауытқу бар жас буын тәрбиеленуде. Интернаттың ұстаздары балаларға білім беріп, оң мен солын тануға көмектеседі. Қазіргідей технологияның ілгері басқан заманында комьютердің көмегі керек-ақ. Ал ғаламтордың қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Сондықтан Билайн ұялы байланысы «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық жобасы аясында интернатқа итнертен қосуды жөн көріпті. «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік жобасы былтырғы жылдың ортасында бастау алған. Бағдарлама бойынша Павлодар, Алматы, Шымкент, Петропавл, Қостанай қалаларындағы әлеуметтік мекемелер жоғары жылдамдықты интернетке қосылды. Жаңа мүмүкіндіктерге жол ашады.IMG_7995
-Бұл балалардың өмірлік тәжірибелері мол. Олар жастайынна қаншама оқиғаларды бастан кешті. Айналасын танып-білмей жатып ана-ананың қамқорлығынан айырылды. Асырап алған отбасылар интернатқа қайтадан өткізген жағдайлар да болады. Міне осы оқиғалар балалардың жұдырықтай жүректеріне сызат түсіреді. Сондықтан бұл балақайларды жарқын болашаққа сендіру қиын. Оларға ақыл-кеңес керек емес. Олар қамқорлыққа зәру,- деді №2 Қостанай түзету мектеп-интернатының директоры Владимир Рубинский.
Иә, бұл жерде сәби шағынан тағдырдың тосқауылына тап болған балалар тұрады. Олар 15 жасқа дейін осы жердің тәрбиесінде болады. Балғындар ата-ана қамқорлығын көрмесе де, өмір мектебінен сабақ алуда. Интернаттағы 152 жәудіркөзді ескеріп, заман ағымынан қалдырмай интернетті қосып берген Билайн ұялы байланысының бастамасы өзгелерге үлгі.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓