Қазақстанда жаңа үйлердің бағасы өсті
Статистикалық мәліметке сүйенсек, ақпан айында жаңа баспанаға баға өсімі байқалады.
Қаңтар айымен салыстырғанда жалға берілетін тұрғын үй 0,4%, ал жаңа пәтерлерді сату және жайлылығы жасалмаған үйлерді қайта сату 0,2% қымбаттаған.
Бүгінгі күні жаңадан салынған үйлердің бір шаршы метрінің бағасы 223 668 теңгені құрайды, ал қайталана саудаға түскен баспана бағасы 175 130 теңге көлемінде болып отыр. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда жаңа пәтерлер бағасы 7,3% өсті.
Сонымен қатар, өткен айлармен салыстырғанда ақпан айында қазақстандықтар баспана сату мен сатып алуды үдеткен. Сұраныстың артуы пәтер құнының жоғарлауына себеп болса керек.
Махаббат Бекбай