Талайдың бағын ашқан бағдарлама Қостанай ауданында сәтті жүзеге асуда

Кеңес кезіндегідей ортақ мүлік жоқ, ит мініп, ирек қамшылайтын заман өтті… Сондықтан ба, әр ауылда, елді мекенде ашылып жатқан жаңа жұмыс орындары, тың кәсіп өзгелердің де көңіліне ой түсіргенін, бағдарлама бойынша несие алуға өтініш берушілер қатарының арта түсуінен байқаймыз. Қостанай аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Светлана Головкина аудандықтардың шырайын кіргізген "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы шын мәнінде жұмыссыздықты жоюға, қаржы дағдарысының салқынын еңсеруге, алыс ауылдарда жаңа жұмыс орнын ашуға, халықтың еңбек етуге септігін тигізіп отырғанын айтады:
– Бағдарламаның бірінші бағыты инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. Бұл бағыт бойынша Қостанай ауданына 158 млн.теңге бөлінді. Республикалық бюджеттен бөлінген 95  млн. қаражатқа ауданға қарасты Мичурин ауылдық округінің ауылдық фельдшерлік-акушерлік пунктіне жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Бағдарламаға қатысушылар ішінен кемінде 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Бағдарламаның екінші бағыты – кәсіпкерлікті дамыту және тірек ауылдарды көркейту арқылы жұмыс орындарын ашу. Бұл мақсатқа ағымдағы жылдың сәуір айында бағдарлама қатысушыларының бесеуі өз кәсіптерін ашуға және кеңейтуге шағын несие алды. Бүгінгі күні бағдарламаның екінші бағыты бойынша 39 адам мал шаруашылығы, құрылыс материалдары, жүк тасымалы, құс фермасы, орман шаруашылығы бағытын жандандыру мақсатында шағын несие алуға өтініш білдірген еді. Оның 17-і кәсіпкерліктің негізгі курс-тарынан өтті. Нәтижесінде 18 азамат кәсіпкерлігін дамыту үшін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы несие алды.
Бағдарлама аясында жеке ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтын кәсіпкерлерге шағын несие алу жолдарын түсіндіру, бағдарламаны насихаттау мақсатында аудан әкімінің төрағалығымен арнайы жұмыс тобы құрылып, қалаға қарасты кент, ауылдық округ тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыспен қамту орталығының катысуымен үміткерлердің кепілге қойған жылжымайтын мүлкіне талдау жасалып, шағын несие алу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді, – дейді орталық директоры.
Бағдарламаның үшінші тармағы жұмыс берушілердің сұранысына сай қайта оқыту мен қоныстандыру арқылы жұмыспен қамту. Аталған бағдарлама аясында жыл басынан бері 4 адам электр-газ дәнекерлеуші, есепші мамандықтары бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, олардың екеуі жұмысқа орналастырылды. Қалған екі қатысушыны жұмысқа орналастыру мәселесі шешілуде. Қайта даярлау курстарынан 11 адам өтсе, олардың сегізі жұмысқа алынды. Қостанай аудандық жұмыспен қамту орталығы қалғандарын еңбекпен қамтымақ. Қазір қайта даярлау курстарында төрт адам оқуын жалғастыруда. Үстіміздегі жылдың қыркүйегінен бастап еңбек нарығындағы жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша бір жылға дейінгі кәсіби оқытуға он адамды қабылдау жоспарлап отыр.
Биыл жыл басынан бері орталыққа жұмыс сұрап жүгінген 40 адамның бәрі де  әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 4,9 млн. теңге бөлінген.
 2006 жылдан бері тұрақты жұмыс таба алмай қиналып жүрген жанның бірі Сергей Астраханов. Мемлекеттік бағдарлама арқылы екі қолға бір күрек тапқанын айтады:
– Қазір жұмысқа орналасу қиын. Көп уақыт жұмыс іздеп жүрдім. Көршілерімнен осындай бағдарламаның бар екенін естіп, биылғы жылдың наурыз айында Қостанай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келіп, жұмыссыздыққа тіркелдім. Көп ұзамай олар маған гүл өсірумен айналысатын жеке кәсіпкер Елена Турпитконың жылыжайына қосалқы жұмысшылықты ұсынды. Сөйтіп жолым болып, тез арада жұмысқа алындым. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓