Жас буын Стратегияны қолдайды

«Нұр Отан» партиясы ҚОФ студенттер арасында дебат турнирін өткізді. Пікір сайыс «Қазақстан-2050 Стратегиясын» дамытудағы жастардың ролі» тақырыбына арналды.
Пікір сайыс  «Жастар-Отанға» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның қатысушылары «Қазақстан-2050 Стратегиясының» мән-маңызын, бағытын түсіндіріп, жасыл экономика, «G global» ақпараттың алаңы туралы білетіндерін ортаға салды.IMG_9443сайт
Аталған Стратегияның басты міндеті – мемлекетімізді әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу. Ол үшін бізге бірлесе әрекет ету керек. Мысалға, білім саласын дамытуға «G global» ақпараттың алаңының көмегі көп. Жастардың шетелдебілім алуына мүмкіндік беріліп отыр. Сондай-ақ олар тәжірибеден өтіп, оқыту семинарларына қатыса алады. Осының бәрі мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асуда, – деді пікірсайысшы Серік Манасбаев.    
ҚМПИ-дың студенті Олжас Сансызбаевтың айтуынша, «G global»-қарым-қатынас алаңы, халықаралық виртуальды жоба. Яғни, ғаламдық мәселелерді талқылауға  баса назар аударылатын алаң. Дебат турнирінде «G global» туралы өзге де пікірлер айтылды. Шара осңында қатысушылар жастардың қоғамдық іс шаралар мен мемлекеттік бағдарламалардың дамуына үлес қосуы керек деген шешімге келді.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓