Гүлдер сыры
Көктемнің алғашқы мерекесінде нәзік жандыларға гүл шоқтарын сыйлау қалыптасқан әдет. Аналар мен сүйіктілерге, сіңілдер мен қарындастарға көрсетілген құрмет пен сезімді гүл арқылы жеткізуге болады. Осы бір нәзік сыйда зор мағына бар екен. Сондықтан мұны да білген жөн болар.
Гүлдердің өздерімен қоса, олардың түсінен оны сыйға тартқан адамның сезімін, көзқарасын білуге болады.
Енді нақтырақ тоқталсақ. Мәселен гүлдің түсі алқызыл болса, ол жастықтың, ибалылықты білдіреді. Ал қызыл гүл құмарлық пен махаббатың белгісі. Сары түс күн шуағын, байлықтың нышаны екен.
Балаларға кішкентай, нәзік гүлдерді сыйға тартады. Ал егде жастағы әйелге тез солып қалатын және түсі қоңырқай, жас бойжеткенге ашық қызыл, қанық түсті гүл сыйлаудан сақ болыңыз. Бұл қылығыңызбен нәзік жандыларға құрметтен гөрі ренжітіп алуыңыз әбден мүмкін.
Қалампыр гүлі – таңғажайыптылық, әйел сүйіспеншілігі, адалдықтың белгісі. Гүлдер тілінде қалампыр әр түрлі мағына білдіруі мүмкін. Бәрі оның түсіне байланысты.
Нарғызгүл (георгин) – еркелік, тұрақсыздық. Нарғызгүлді сыйлаған адамның ойы «мен сені ұнатамын, бірақ ештене уәде етпеймін», «менің көңілім шынайы емес».
Бәйшешек – үміт, нәзіктілік, жастық. «Сенің аңқаулығын ұнайды» деген ұғым жатыр. Мұндай гүл сыйлау адамның биязылығына сүйсіну дегенді білдіреді.
Раушан гүлі (қызыл түсті) – махаббат, құштарлық. «Мен сені сүйем», «Сенсіз өмір сүру мүмкін емес» деген ыстық сезімді білру үшін сыйлаған жөн.
Ақ түсті раушан гүлі – пәктік, биязылық және құпиялылық. «Сен менің періштемсің» .
Ақшыл сары түсті раушан гүлі – кербездік, үйлесімділік, тұрақтылық. «Біз екеуміз мінсіз жұппыз», «Әрқашан ойым сен».
Бақытгүл (хризантема) – «Сен нағыз доссың», қуаныш, ашықтық, көтеріңкі көңіл күй деген мағына жатыр.
Қандай да гүл сыйға тартылса да, оның шың көңілден, құрметпен жасалған сый деп түсінген де жөн шығар.
Махаббат Бекбай