“Ashyk” – жол ашады

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде кеңі-нен қолданылып жүрген "Covid-19-сыз саяхат" мобильді қосымшасы Қазақстанға да жетті. Қосымша одақ елдері бойынша азаматтардың қозғалысын жеңілдетуге бағытталған. Жобаға Қазақстаннан басқа Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан елдері қатысады.
Аталған елдерге саяхат-қа шыққан кез келген тұлға қосымшадағы аккредиттелген зертхананы таңдап, ПТР талдауын тапсыруы керек. Оның нәтижелері қосымшаға енгізіледі. Осылайша, шекарадан өткен азамат тексерушілерге QR код арқылы нәтижесін көрсете алады. Бағдарлама құрастырушылары алдағы уақытта вакцинация, антиденелер жайындағы мәліметтерді қосымшаға енгізуді жоспарлап отыр.
Аталған бағдарламаның шекарадан өту процессін жылдамдатудан өзге пайдасы жоқтығын айта кеткен жөн. Бұған қарағанда, қазақстандық "Ashyk"-тың артықшылығы көп. Қостанай қаласының өзінде ғана ойынсауық орталықтары мен мемлекеттік мекемелердің басым бөлігі осы қосымшаның көмегімен жұмыстарын еркін жүргізуде.
Бұған дейін тұрғындардың үш түрлі статусын ғана көрсетіп келген "Ashyk" жақын арада вакцина жайындағы ақпаратпен толықтырылмақ. Яғни, аталған қосымшада қолданушының "жасыл", "сары" немесе "қызыл" статусынан бөлек қабылдап алған вакцинасы жайындағы ақпараты да көрсетілетін болады. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік базадағы мәліметтерін осы қосымшаға енгізіп, бағдарламаны біріздендіру жұмыстарын жүргізуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓