Азық-түлікті ұрлап кетті

Денисов ауданы Перелески кентінің 26 жастағы тұрғыны өзінің жерлесінің қысқа дайындаған азық-түлігін ұрлап кетті.
454Полицияға арызданып келген азамат үйінің жертөлесінен 20 келі сиыр еті мен басқа тағамдардың қолды болғанын айтты. Жертөленің есігі жабылмаған екен. Жедел-іздестіру шараларының барысында 26 жастағы күдікті анықталды. Ұрланған ет тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Істі болған жігіт ешқайда кетпейтіні туралы қолхат берді.
 ОІІД баспасөз қызметінің  материалдары бойынша әзірлеген
 М.Қабдрахметова.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓