Мерекеңмен, майдангер ана!

8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Қостанай қалалық филиалы ҰОС-на қатысқан нәзік жандыларды мерекемен құттықтады. Партиялықтар облыс орталығында тұратын жиырма екі майдангердің үйіне барып, сый-құрмет көрсетті.куттыктау
Партиялықтардың құттықтауын алған ардагер ананың бірі-Валентина Гальцова. Ол  1923 жылы 12 сәуірде Орынбор облысы, Бузулук қаласында туған. Ұлы Отан соғысы басталған жылы алғашқылардың бірі болып Қызыл Армия қатарына алынды. Кеңес армиясының сапында екі жыл қызмет етіп, Сталинград үшін болған шайқасқа қатысқан. Ұрыс даласындағы ерлігі үшін 1943 жылы «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен наградталды. Майдан даласында мерген болды, ұшаққа снаряд тасыды. От пен оқтың ортасында жүріп жараланды. Нәтижесінде екінші топтағы мүгедек атанды. куттыктау 2
Соғыстан кейінгі бейбіт заманда мұғалім болып қызмет етті. Шәкірттерге биология пәнінен сабақ берді.  1949 жылы Құйбышев ауылшаруашылық институтын агрономия факультетін бітіріп, комсомол жолдамасы бойынша Қостанайға табан тіреді. Тың және тыңайған жерді игеруге қатысты. Міне сол уақыттан бері майдангер Тобыл жағалауындағы шаһарда өмір сүруде. Ол Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі. отличник просвещения Казахской ССР. 
Өмірден көргені мен түйгені мол қария құттықтай келген азаматтарға алғысын білдірді. Партиялықтар майдангерге бір құшақ гүл сыйлап, ардагердің естелігін тыңдады. куттыктау 1
-«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында соғысқа қатысқан нәзік жандыларды мерекемен құттықтауды жөн көрдік. Себебі сұрапыл жылдары әйел-аналарымыз ер азаматтармен иық тіресе қару асынып, майданға аттанды. Кешегі Әлия мен Мәншүк сынды мыңдаған әйел қаһармандықдың жарқын үлгісін көрсетті. Батырларымыздың арқасында қазіргідей тыныш елде, бейбіт заманда өмір сүрудеміз,- деді «Нұр Отан» партиясы Қостанай қалалық филиалы ьөрағасының бірінші орынбасары Бақытбек Сәндібеков. 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓