Ардагерге құрмет
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары карантин кезінде де өз округтеріндегі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтап, қолдау білдірді.
Депутаттар ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Былтырғы жылы мерекелік концерттер, түрлі кездесулер ұйымдастырылып, көшелер абаттандырылып, барлық жерде гүл шоқтары қойылып, митингтер өткізілсе, биылғы жылы жағдай мүлде басқа. Соған қарамастан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің құшағы гүлге толып, дәстүрлі азық-түлікке толы себеттер алды. Жалпы сомасы 2 млн теңгеден асатын мерекелік конверттер тарту етілді.
Депутаттардың бастамасымен соғыс ардагерлеріне барынша көмек көрсетілді. Аулаларды тазалауға, қоқыстарды шығаруға волонтерлік көмек беріліп, қысқа қажетті көмір жеткізіліп берілді. «Біз біргеміз!» акциясы аясында қар тазалау, пәтерлерді жинау, әлеуметтік мекемелерде құжаттарды рәсімдеу сияқты істерге де көмек берілді. Карантин кезеңінде дәрілік препараттар мен антисептикалық заттар жеткізіліп тұрды.
Оқу орындарының директорлары, оқытушылар мен студенттер соғыс ардагерлеріне арнап «Соғыс жылдарындағы әндер» атты мерекелік бейнеролик-құттықтаулар дайындады. «Даңқ аллеясы» акциясы ұйымдастырылды, оның аясында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттері мен оқытушылары әлеуметтік желілерде өздерінің ата-бабалары мен соғыс ардагерлері туралы баяндайтын бейнероликтер орналастырды, осылайша алғыстарын білдіріп, соғыс жылдарындағы әндерді орындап, өлеңдер оқыды.
Көптеген адамдар Жеңіс күніне орайластырылған «Қазақстандық Жеңіс лентасы» челленджін қолдады. Музей директоры, облыстық мәслихат депутаты Наталья Таран әлеуметтік желілерде соғысқа қатысушылар туралы таныстырылымдар, бейнеэкскурсиялар, Кеңес Одағының Батырлары туралы роликтер циклін ұйымдастырды. Облыстық мәслихаттың сайтында «Мәңгі есте қалатын полк» айдары жарық көрді.
Біз қашанда ардагерлеріміздің ерен еңбегі мен ерлеіктерін естен шығармақ емеспіз.