Әлем – әйел!..
Әлем – әйел!..
Аксиома сақталған
Ықылымнан,
жеткен Ғұннан, Сақтардан,
Ізгілігі жадымызда жатталған.
Адамзаттың тіршілігін
бастаған,
Ұлылық бұл – Ана деген
атты алған.
Әлем – әйел!..
Таулық тұлға тым биік,
Байкал теңдес
Сыры терең тұңғиық.
Шырылдайды шоққа
түсер шын күйіп,
Мәнін шешер арқалатсаң
мұңды үйіп.
Әлем – әйел!..
Бақытты еткен барлығын,
Сөкет дейді
қазынаны, барды кім?
Көктем емен қуантайық
әр күні,
Бар өмірдің қуанышын,
байлығын!
Әйел – әлем!..
Бар байлығың, берекең,
Жер шарындай
жақсылығы кең екен,
Артық емес
Сені әлемге теңесем,
Құтты болсын,
Әлем – әйел, мерекең!
Құтты болсын нәзік
жандар мерекең!
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ.