Көрмені тамашалады

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіруші  мен құтқарушылары  қаланың орталық алаңында өрт-құтқару техникасы көрмесін ұйымдастырды.DSC_0009 ш
Көрмеде өрт сөндіру техникалары, вездеход-болотоход, ТРЭКОЛ-39292, катер "GIadius", Камаз-КУНГ-14320Д, аэроджип "Пегас" және басқа да техникалар қаз-қатар тізілген. Қостанай қаласының оқушылары далада ұйымдастырылған көрмеге аса қызығушылық танытты. ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары бала-  ларға техникалар мен құтқару қызметінің құралдары туралы        айтып берді.
Сонымен қатар іс-шарада оқушыларға Нидерланды елінен шыққан "Холматро" авариялық-құтқару машинасының қалай жұмыс істейтіні көрсетілді. Ал көрмені тамашалаған балалардың бірі АЛ-32 өрт сөндіру көлігінің баспалдағына шығып көрсе, кейбірі өрт сөндіру машинасының руліне отырды. Мамандар арнайы ұйымдастырылған көрмені өткізу барысында төтенше жағдайлар қызметі заманауи үлгідегі құтқару техникаларымен жабдықталғанын, кез келген қиын жағдайда көмекке келуге әзір екендеріне көз жеткізді.
 
Шұға АҢСАҒАНҚЫЗЫ.
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓