Шоқанға ескерткіш қойылды
Шоқан Уәлихановтың туған күні қарсаңында Сарыкөл ауданының Күнтимес ауылында ұлы тұлғаның жас кезін бейнелеген ескерткіш пайда болды. Бастамашылар – осы ауылдың азаматтары. Бұл туралы "КН" тілшісі жазды.
(Сурет "КН" сайтынан алынды)
– Біз жас Шоқанның ескерткішін орнатуды шештік, – дейді өлкетанушы Елділбай Ахметов. – Өйткені, ол жас жағында осы Күнтимес ауылында өмір сүрген. Бұл идеямыз көп жылдан соң іске асып отыр. Биылғы идеялар жәрмеңкесі арқасында мүмкін болды. Біз оған қатысқан болатынбыз. Жарты млн теңгенің грантын ұтып алған едік. Мүсінді дайындап берген Егор Кислицинге көп рахмет айтамыз. Себебі, бұл оңай шаруа емес. Сөйте тұра, ол өз жұмысы үшін арзан сома сұрады. Жас Шоқанның ескерткіші ел бойынша өте аз, жоққа тән. Мұнда жасөспірім-кадет бейнеленген.