Театрға барып, Әлішердің еміне көмектесіңіз!
25 мамыр күні І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында қайырымдылық қойылымы өтеді. Бұл жолы қазақтың біртуар композиторы Шәмші Қалдаяқовтың өмірі жайлы шертетін «Сыған серенадасы» спектаклі ұсынылады.

Әлішер Маратұлы Магадеевтің диагнозы – туабітті микротия, сол жақ құлағының сыртқы есту жолының атрезиясы, екіжақты кондуктивті есту мүкістігі, сол жағының ІІІ-VІ дәрежелі, оң жағының ІІ дәрежелі кемістігі. Жалғаспалы диагноз – тіл шыққанға дейінгі дамудың тежелуі.
Осы патологияның кесірінен Әлішер өзін айналада еркін сезіне алмайды. Сол жақ құлағы дауыстың, шуылдың қайдан шығып жатқанын естімейді. Ең қорқыныштысы, алдағы уақытта жағдай бұдан әрі нашарлауы мүмкін. Себебі ақпаратты толық қабылдауды қамтамасыз ететін мидың артқы бөлігі өмірдің осы алғашқы 5 жылында белсенді дамиды.
Әлішердің есту қабілетін қалпына келтіріп, құлақ қалқанын қайта жасау үшін жедел ота жасату қажет. Өкінішке қарай, Қазақстанда бұндай оталар жасалмайды. 2020 жылғы шілде айында Әлішердің медициналық қорытындысын Калифорния есту институты (АҚШ) қарады. Бір ғажабы, ол жерде бұндай паталогияларға сәтті ота жасалып, бір кезеңде және баланың денсаулығы үшін минималды зиянмен қалпына келтіру бойынша ем шаралары жүргізіледі екен.

Спектакль көріп сауапқа кенеліңіз!
Әлемді мейірім құтқарады!
Өтетін күні: 25.05.2022
Өтетін уақыты: сағат 18.30.