Қарасулықтар “Сыбағадан” сыбағасыз емес

Мал шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жоспары бойынша Қарасу ауданында ІҚМ саны 1283 басқа дейін артуы тиіс. Осы межеге сай қазіргі таңда аудандық шаруашылықтар 1125 асыл тұқымды сиыр және 60 осындай бұқа сатып алған. Бұл алға қойылған жоспардың  87,7%-ға орындалғанын көрсетіп отыр.сыба5а
«Сыбаға» бағдарламасына қатысушылар тізіме соңғылардың бірі болып тіркелген «Кемел-Қарасу» ЖШС болып отыр. Бұл серіктестік қорасын 100 бас асыл тұқымды сиыр мен 5 Әулиекөл тұқымды бұқамен толтырды. Жалпы сомасы – 17 млн.теңге. Осындай-ақ, 14 млн.теңгеге  70 бас сиыр мен 3 асыл тұқымды бұқа сатып алған «Жүргімбеков» шаруа қожалығы да аудандық мал шаруашылығын өрістетуге өз үлесін қосып отыр. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓