Ыбырай ұрпақтары

– Биылғы облыс орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 11 сыныпты бітіретін қырық тоғыз түлектің алтауы мысалы, Эльмира Сауытпаева, Айзат Төкен, Қазбек Сәлімжан, Ұлзада Сәлімжан, Әнуар Отыншин, Абылайхан Ахан «Алтын белгіден» үміткер. Сонымен бірге бірнеше оқушымыз Жанар Қуанышбай, Күлзада Аманова, Кәмила Өмірзақова халықаралық, республикалық білім байқаулары мен сайыстарының жеңімпазы атанып, білім гранттарына ие болып отыр. Студент десе де болады. Біз, ұстаздар, оқушыларымыздың осындай табысқа жеткендеріне, қуаныштымыз. Басқа оқушыларымыз да талапты да білімді. Сынып жетекшісі болу да оңай емес, Жұмаш Бөлекбаева екеуіміз оқушыларымыздың ыстығына күйіп, суығына тоңып, жетістігіне қуанып, кемшілігіне күйіндік. Енді, міне, мектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шығып отыр, – деді бізге өз әңгімесінде мектеп бітіретін түлектердің сынып жетекшісінің бірі Ағыбай Нұғыманов.
Сондықтан да мектепте өткен соңғы қоңырау салтанатына ата-аналар да, қонақтар да көп жиналды. Жетістікке жеткен ұстаздар мен оқушылар марапат пен құрметке ие болды. Салтанатқа жиналғандарды облыстық білім басқармасының жетекшісі Ә.Төртқараева, мектеп директоры Ғ.Қарпықова және тағы басқалар құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Күміс қоңырау соғылып, ұстаздардың құшақтары гүлге толды, әсем музыка ойналды.
Гүлназым
САҒИТОВА
Суретте; биылғы түлектер Анар Кенжебаева, Әнуар Отыншин(«Алтын белгіге үміткер»), Шынар Бекежанова, Әділхан Кенжетаев
Суретті түсірген Айбек Жүзбай.