Игі бастама

Қостанайда жаңадан бой көтерген қалалық орталық мешіт сауапты іске мұрындық болып жүр. Тобыл тұрғындарына арнап аптаның әр бейсенбісі, аталмыш мешітте ас беріледі. Мұнда келетін жастардың қатары көп. Шаһар жастарының бос уақытын тиімді пайдаланып, білімін арттырып, иманды азамат болып тәрбиеленулері үшін ас үстінде уағыздар айтылып, ақсақалдар батасын береді.меиши кенже
Іс-шара  өткен  жылдың  қыр-күйек айында қолға алынған, содан бері үзілмей өткізіліп келеді.
– Бұл жастарға маңызды отырыс. Жастар мұнда тек қарын қамын ойлап келмейді. Рухани азық алып, білімдерін арттырып, имандылықтың не екенін түсі-неді. Бейсенбіде ауыз бекіткен жандар болса, солар үшін әрі ауызашар ретінде беріледі. Әрдайым көмекке асығатындар көп. Әр бейсенбіде ас беріп, жақсылыққа ұмтылып тұратын азаматтар табылады. Соған сай, Құдайға  шүкір,  мешітімізге  де жастар ағылып келіп жатады, – дейді қалалық мешіттің бас имам көмекшісі Дүйсен Сәрінжіпұлы.
Жақсылық жасағанның сауабы мол. Бір үзім нанның өзі кейде тапшы. Оны табу үшін күнәға да барып жататындар аз емес. Біреуге жақсы сөз бен жылы шырайдың өзі жетіп жатыр. Ал Алла үйінің табалдырығын тоздырып, тура жолда жүру амалдардың абзалы. Жастардың құлағына алтын сырға, әр аптаның бейсенбісінде қолдарыңыз бос болса мешітте өтетін жақсылық шарада жолығайық. 
Кенже ҚОНЫСБАЙ,
студент.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓