Тұжырымдама – уақыт талабы

Қазақ еліне тәуелсіздік келіп, бұрын құбыжық етіп көрсетілген дініміз оралып, барлық елді мекендерде мешіттердің бой көтеруі азаматтардың, әсіресе, жас буынның дінге бет бұруы – Алланың әмірі, иісі мұсылманның тілегі.
"Отанды сүю – иманнан" деген сөз бар. Ислам, мұсылман сөзде-рінің мағынасы – бейбітшілік. Біз елімізге бейбітшілік,  ауыз-бірлік, халқымызға тыныштық, тағы да игілік, береке мен бақыт тілейміз. Осы тілектеріміздің орындалуы ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында нақты көрсетілген. Діни оқу орындарынан қанат қаққан жастар және зиялы қауым өкілдері жер-жерде Исламның асыл қазыналарын жұртшылыққа жеткізіп, халық арасында діни ағартумен айналысуда. Олар облысымызда мұ-сылмандар қатарының көбеюіне өз үлестерін қосуда, соның арқасында әрбір мешіт жамағаты жастармен толығуда. Жұма намазы мен күнделікті намаздардан кейін халыққа Исламның асыл құндылықтарын өздерінің уағыздарында кеңінен қамтуда.ислам_12
Ата-бабаларымыздан келе жатқан асыл дініміз кейінгі жылдарда ел арасында қайта түлеп жатқаны, жастарымыздың мешіт-терге көптеп келе бастағаны қуантады. Мешіт қызметкерлерінің уағыз-насихаттарының нәтижесінде өзге ұлт өкілдері де Ислам дінін өз еріктерімен қабылдауда.
"Мешіт көркі – жамағат және сауатты, мәдениетті, білімді имам" – деп жиі айтылып жүр. Сол себепті мешіт қызметкерлерінің білім деңгейін және халықтың жалпы діни сауаттылығын жоғарылату ісіне де ерекше назар аударылуда. Облыс бойынша сауат ашу курстарында 100-ден  астам жамағат дәріс алуда. Олар дәріс барысында көп жайды көңілге түйіп, кейінгі жас ұрпақты имандылыққа баулуда өздерінің игі ықпалдарын тигізетіндігі дау тудырмаса керек. Бізде  арнайы діни оқу орындарын бітіріп, халық арасына барып  адал  қызмет  атқарып  жатқан жас мамандар да баршылық. Дегенмен де әлі де болса облысымыздың мешіттерінде жұмыс істейтін имамдардың жалақылары аз.
Жақында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасымен" таныстық. Бұл құжатта дін саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің айлық жалақысын қамтамасыз ету мәселесін шешу туралы мәселе қозғалды. Өзекті жайдың осы тұжырымдамада қарастырылуы ата дініміздің көркеюіне жасалған жанашырлық деп түсінеміз. Аталмыш тұжырымдамада мамандар дайындау, білім беру жүйесін жақсарту, кадрлық діни ахуалды тұрақтандыру және дәстүрлі дініміздің кеңінен насихатталу мәселесі де айқын.
Елбасының Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдына қойып отырған талаптарының бірі – мұсылмандық діни сенім негізінде елімізде алауыздыққа, қақтығыстарға, яғни діни экстремизмге жол бермеу. Осы тапсырманы жүзеге асыруда мешіттерде қаншама маңызды жұмыстар жоспарланғаны бел-гілі. Бүгінде республикамызда дінге деген бетбұрыс байқалады. Сол себепті облыстық мешіт жанынан "Сенім телефонының" жұмысы ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді.
Қабыл ҚОЖАХМЕТОВ,
"Марал ишан" мешіті жанындағы сауат ашу курсының тыңдаушысы.
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓