Әз-Наурыз қашан төрге шығады?
by
Qostanaı tańy
·
04.03.2015
«Қостанай таңының» кешегі 3 наурыз күнгі санында біз «Наурыз – жыл басы» атты шағын мақала жариялап, онда Наурыз айы келгеніне қарамай Қостанай қаласының кейбір ғимараттарында әлі күнге дейін «Жаңа жылыңызбен!» деген құттықтау-ұран ілулі тұрғанын сөз еткен едік. Мысал ретінде қалалық салық комитеті үйінің суретін бірге жариялағанбыз.
Содан кейін редакцияның фототілшісі Бағдат Ахметбеков әдейі қала көшелерін аралап, «Жаңа жылыңызбен!» деген жарнама-әшекейлердің талайын суретке түсіріп әкеліпті. Соның екі-үшеуін оқырман назарына ұсынып, Жаңа жыл әз-Наурызға қашан орын береді деген сауал тастағымыз келеді.
Сәлім МЕҢДІБАЙ