Ата-аналар екпеден бас тартуда
Тиісті сала мамандарының хабарлауынша, облыста 254 ата-ана балаларына екпе жасатудан бас тартқан. Олардың 35-і діни наным-сенімге байланысты болса, қалғандарының бас тартуына БАҚ-тағы жағымсыз жаңалықтар себеп болған. Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің есебінше, вакцинаға наразылық білдіргендер саны жалпы көрсеткіштің бір пайызын ғана құрайды.