Ресейлік жанар-жағар майға тыйым салынады

5 наурыздан бастап Ресейден Қазақстанға бензин және дизель отынын тасымалдауға тыйым салынады деп хабарлады энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.топливо
Жыл сайын екі ел арасында тасымалданатын жанар-жағар майдың жылдық мөлшері белгіленеді. Биыл көрші елден 1 миллион 100 мың тонна бензин мен 760 мың тонна дизель отынын алу келісілген болатын. Бірақ жыл басында оның басым бөлігі Қазақстанға жеткізіліп қойған. Енді алдағы уақытта жанар-жағар май тапшылығы туындамау үшін жылдық норманын қалған бөлігін реттеп отыруға тура келеді. 45 күнге созылатын бұл шектеу елімізде ЖЖМ бағасына еш әсерін тигізбейді дейді құзырлы министрлік өкілі. Қайта отандық мұнай өндірушілер қарқынын үдетіп, өз сұйық отынымызбен елді қамтамасыз етпек.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓