Несие берешегі артқан
by
Qostanaı tańy
·
03.03.2015
Өткен жылы өңір бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында арзан пайызбен 460 адамға 915 млн. теңге көлемінде несие берілген. Соның 59 пайызы өз ісін ашуға, ал 41 пайызы бар кәсіптерін кеңейтуге алған. Дегенмен, алған қарыздарын қайтара алмай отырғандар да бар көрінеді. Бүгінде облыс бойынша бағдарлама арқылы берілген несие қарызының көлемі 14 млн. теңгені құрап отыр, соның 3,8 млн. теңгесі Қостанай ауданына тиесілі.